Заң мен тәртіп – қоғамдағы тұрақтылықтың негізі

ашық дереккөзден

 

Заң мен тәртіп – кез келген мемлекеттің дамуы мен қауіпсіздігінің басты кепілі. Заңды құрметтеу арқылы азаматтар өз құқықтарын қорғап, қоғамдағы тұрақтылықты сақтай алады. 

Әрбір адам заң талаптарын орындап, өз міндеттеріне жауапкершілікпен қарауы керек. Менің ойымша, тәртіп бар жерде береке мен бірлік болады. Егер әр азамат заңға бағынса, құқық бұзушылық азайып, адамдардың бір-біріне деген сенімі артады.

Сондықтан заңды сақтау – тек міндет емес, ол әрбір азаматтың қоғам алдындағы жауапкершілігі.

 

К.ЖАНТҰРҒАНҚЫЗЫ

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT