Заң мен тәртіп – кез келген мемлекеттің тұрақты дамуының басты кепілі. Қоғамда әр азамат заң талаптарын сақтап, өз құқықтары мен міндеттерін білсе, ел ішінде тәртіп пен тыныштық орнайды. Заңға бағыну – тек жазадан қорқу емес, бұл өзге адамдардың құқықтарын құрметтеу және қоғамдық жауапкершілікті сезіну. Тәртіп сақталған жерде әділдік те, сенім де нығаяды.
Қазіргі таңда құқықтық мәдениетті қалыптастырудың маңызы артып келеді. Әсіресе жастар заң талаптарын біліп, құқық бұзушылықтың салдарын түсінуі қажет. Мектептен бастап құқықтық сауаттылықты арттыру, қоғамдық орындардағы тәртіпті сақтау және заң талаптарын орындау – әр азаматтың міндеті. Сонымен қатар мемлекеттік органдар мен қоғамның бірлескен жұмысы құқық бұзушылықтың алдын алуға ықпал етеді.
Заңның үстемдігі орнаған елде адамдар өздерін қауіпсіз сезінеді, экономика дамиды, қоғамда әділдік пен тұрақтылық қалыптасады. Сондықтан заң мен тәртіпті сақтау – тек құқық қорғау органдарының емес, барша азаматтың ортақ жауапкершілігі.
Е.ЗИНЕДЕНОВ


