Заң мен тәртіп – әр азаматтың жауапкершілігі

ашық дереккөзден

 

«Заң мен тәртіп» – қоғамдағы тұрақтылық пен қауіпсіздіктің негізгі тірегі. Менің ойымша, заңды сақтау тек құқық қорғау органдарының міндеті емес, әр азаматтың күнделікті өмірдегі жауапкершілігі болуы керек. Қоғамда тәртіп орнауы үшін адамдар өз құқықтарын ғана емес, міндеттерін де білуі қажет. 

Қарапайым ережелерді сақтау, өзгенің құқығын құрметтеу, қоғамдық орында тәртіпті сақтау – заңға деген құрметтің нақты көрінісі. Әр адам заңды мәжбүрліктен емес, өз санасымен сақтаған кезде ғана құқықтық мәдениеті жоғары, әділетті қоғам қалыптасады. Сондықтан «Заң мен тәртіп» қағидаты елдің болашағына бейжай қарамайтын әр азаматтың өмірлік ұстанымына айналуы тиіс.

 

Ж.МЕЙРАМҰЛЫ

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT