Заң мен тәртіп – кез келген мемлекеттің тұрақтылығы мен қауіпсіздігінің басты негіздерінің бірі. Қоғамда әр азамат өз құқығы мен міндетін біліп, заң талаптарын сақтаған кезде адамдар арасында өзара құрмет пен сенім қалыптасады. Сондықтан заңға бағыну тек мемлекеттік органдардың міндеті емес, әр адамның азаматтық жауапкершілігі деп ойлаймын.
Заң адамның құқығын қорғап қана қоймай, қоғамдағы әділдікті қамтамасыз етеді. Қарапайым ережелерді сақтау, қоғамдық орындарда тәртіпті болу, басқа адамдардың құқықтарына құрметпен қарау – заң мен тәртіпті сақтаудың күнделікті көрінісі. Әр адам «заң бәріне ортақ» деген қағиданы түсінуі қажет.
Меніңше, тәртіпті қоғам қалыптастыру үшін құқықтық сауаттылықты арттыру өте маңызды. Жастар заңды құрметтеуді, өз құқықтарын қорғауды және жауапкершілікті ерте жастан үйренуі керек. Сонда қоғамда құқық бұзушылықтың алдын алуға мүмкіндік көбейеді.
Қорытындылай келе, заң мен тәртіп сақталған жерде қауіпсіздік пен тұрақтылық болады. Әр азамат заңды құрметтеп, өз міндетін адал орындаса, қоғамның дамуына үлкен үлес қосылады.
Н.ДӘУЛЕТИЯР


