Заң мен тәртіп — елдегі тұрақтылық пен қауіпсіздіктің негізгі негізі. Заң талаптарын сақтау тек құқық қорғау органдарының міндеті емес, әр азаматтың ортақ жауапкершілігі.
Өз құқығын білумен қатар, өзгенің құқығы мен еркіндігін құрметтеу де құқықтық мәдениеттің белгісі. Қоғамда тәртіп сақталған кезде адамдар өздерін қауіпсіз сезініп, мемлекетке деген сенім де нығая түседі.
Сондықтан заңды құрметтеу күнделікті өмір салтына айналуы қажет. Әр азамат «тәртіпті қоғамды өзгелер қалыптастырады» деп күтпей, оны өз әрекетінен бастағанда ғана әділетті әрі қауіпсіз мемлекет құруға болады.


