Заң үстемдігі – қауіпсіз қоғам кепілі

ашық дереккөзден

 

Менің ойымша, «Заң мен тәртіп» қағидаты – қоғамның тыныштығы мен елдің тұрақты дамуы үшін аса маңызды. Заң барлық азаматқа бірдей болуы және әр адам өз құқығы мен міндетін білуі қажет. Тәртіпті сақтау тек мемлекеттік органдардың емес, әрбір азаматтың жауапкершілігі. 

Заңды құрметтеу адамның мәдениеті мен азаматтық санасының көрсеткіші деп есептеймін. Көшеде тәртіп сақтау, өзгенің құқығын бұзбау, қоғамдық орындарда әдепті болу сияқты қарапайым әрекеттердің өзі қоғамдағы тәртіпті қалыптастырады. Егер әр адам заң талаптарын сақтап, өз ісіне жауапкершілікпен қараса, елімізде қауіпсіздік пен әділдік нығая түседі.

Сондықтан «Заң мен тәртіп» – тек ұран емес, күнделікті өмірде ұстанатын маңызды қағида. Заңға құрмет пен жауапкершілік қалыптасқан қоғамның болашағы да берік болады.

 

Гүлнұр ӨТЕМІСҚЫЗЫ

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT