Менің ойымша, заң мен тәртіп – кез келген қоғамның қауіпсіз әрі тұрақты дамуының негізгі шарттарының бірі. Заң талаптарын сақтау тек құқық қорғау органдарының емес, әрбір азаматтың ортақ міндеті болуы керек.
Адам өз құқығын біліп қана қоймай, басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын да құрметтеуі қажет. Қоғамда тәртіп сақталған кезде адамдар өздерін қауіпсіз сезініп, бір-біріне деген сенімі арта түседі.
Сондықтан заңды білу, қоғамдық тәртіпті сақтау және өз іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарау – әр азаматтың күнделікті өміріндегі маңызды қағида.
Ә.ҚАЙРОЛЛАҚЫЗЫ



