Заңды білу — өз құқығыңды қорғау

 

Заң мен тәртіп — қоғамның тұрақты әрі қауіпсіз өмір сүруінің негізгі тірегі. Заң адамдардың құқықтары мен міндеттерін айқындап, әр азаматтың қоғамдағы жауапкершілігін көрсетеді.

Егер әр адам заңды құрметтеп, өз әрекетінің басқа адамдарға әсерін ескерсе, қоғамда өзара сенім мен қауіпсіздік қалыптасады. Менің ойымша, заң мен тәртіп тек құқық қорғау органдарының міндеті емес, ол — бүкіл қоғамға ортақ жауапкершілік. Заңды сақтау адамның күнделікті қарапайым әрекеттерінен басталады: қоғамдық орында тәртіп сақтау, өзгенің құқығын бұзбау, жол ережесін орындау, қоршаған ортаны қорғау және адал болу.

Сонымен қатар, заң баршаға бірдей қолданылуы маңызды. Азаматтар өз құқықтарын біліп қана қоймай, өз міндеттерін де түсінуі қажет. Сонда ғана заң қоғамды шектейтін құрал емес, адамдардың құқықтары мен қауіпсіздігін қорғайтын маңызды негізге айналады.

 

Ж.СЕМБИЕВА

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT