Заңды білу – өз құқығыңды қорғаудың бастауы

 

«Заң мен тәртіп» қағидаты қоғамда тек құқық бұзған адамға жаза қолданумен шектелмеуі керек. Оның негізгі мәні – әр азаматтың өз құқығы мен міндетін білуі және заңды құрметтеуі.

Заңды жақсы білетін адам өзіне жасалған әділетсіздікке бейжай қарамайды, сонымен бірге басқа адамның құқығын да бұзбауға тырысады. Әсіресе жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру маңызды. Мектептен бастап оқушыларға заң талаптарын құр жаттатпай, күнделікті өмірдегі нақты жағдайлар арқылы түсіндіру қажет.

Менің ойымша, заңға құрмет қорқыныштан емес, жауапкершіліктен қалыптасуы тиіс. Әр адам «тәртіпті мемлекеттен емес, өзімнен бастаймын» деген ұстанымда болса, қоғамдағы қауіпсіздік пен өзара сенім де арта түседі.

 

Қ.ШАКИЕВА

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT