«Заң мен тәртіп» қағидатының негізгі мәні — заң талаптарын орындау ғана емес, әр адамның өз құқықтары мен міндеттерін түсінуі. Қоғамда әр азамат өз құқығын біліп, өзгенің де құқығына құрметпен қараса, көптеген келіспеушіліктердің алдын алуға болады. Заңды білу адамға әділетсіздікке қарсы тұруға, жауапкершілігін сезінуге және дұрыс шешім қабылдауға көмектеседі.
Сондықтан құқықтық сауаттылықты мектеп қабырғасынан бастап дамыту маңызды. Заңды құрметтейтін адам өзіне де, қоғамға да жауапкершілікпен қарайды. Құқықтық мәдениет қалыптасқан жерде әділдік пен өзара сенім нығаяды.
Д.МАРАТҚЫЗЫ



