Менің ойымша, заң мен тәртіп кез келген мемлекеттің дамуы мен қауіпсіздігі үшін өте маңызды. Заң адамдардың құқықтары мен міндеттерін айқындаса, тәртіп сол заңдардың орындалуын қамтамасыз етеді. Егер қоғамда заңға құрмет болмаса, әділетсіздік пен тәртіпсіздік көбейеді.
Заңды сақтау тек мемлекеттік органдардың ғана емес, әрбір азаматтың міндеті. Әр адам өз іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарап, қоғамдық тәртіпті сақтауға үлес қосуы керек. Сонда ғана қоғамда сенім, тұрақтылық және әділдік орнайды.
Қорытындылай келе, заң мен тәртіпті құрметтеу – елдің өркендеуінің және азаматтардың бейбіт өмір сүруінің басты кепілі.
Гаухар ТӨЛЕГЕНОВА



