Заң — қоғамдағы әділдік пен тәртіпті қамтамасыз ететін маңызды құрал. Менің ойымша, әр азамат заңды тек міндет болғандықтан емес, өзінің және басқа адамдардың құқықтарын қорғаудың кепілі ретінде түсінуі қажет. Заң барлығына ортақ болғандықтан, оған құрметпен қарау қоғамдағы теңдік пен жауапкершілікті нығайтады.
Кейде адамдар заң талаптарын тек жазаға байланысты түсінеді. Алайда заңның негізгі мақсаты — адамдарды жазалау ғана емес, олардың құқықтібі мен жауапкершілігіне байланысты. Менің ойымша, тәртіп тек белгілі бір ережелерді орындау емес, басқа адамдардың құқықтарына құрметпен қарау мәдениеті. Әр адам өз әрекетінің қоғамға әсерін түсінсе, көптеген келеңсіз жағдайлардыңтарын қорғау, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және адамдар арасындағы қарым-қатынасты реттеу. Сондықтан заңды сақтау әр адамның күнделікті өмірінің бір бөлігі болуы керек.
Әсіресе жас ұрпақтың құқықтық мәдениетін қалыптастырудың маңызы зор. Жастар өз құқықтары мен міндеттерін білген кезде түрлі құқық бұзушылықтардың алдын алуға және қиын жағдайларда дұрыс шешім қабылдауға мүмкіндік алады. Заңды құрметтеу — өзіңді ғана емес, айналаңдағы адамдардың да құқықтарын құрметтеу деген сөз.
Ерасыл ЖЕҢІСҰЛЫ



