Заңға құрмет — болашаққа құрмет

 

Конституцияны тек заңдар жинағы деп қарастыру дұрыс емес. Ол — еліміздің болашағын айқындайтын маңызды құндылықтардың бірі.

Менің пікірімше, әрбір азамат Конституцияда көрсетілген құқықтарын біліп қана қоймай, өз міндеттерін де орындауы керек. Мысалы, заңды сақтау, өзге адамдардың ар-намысын құрметтеу, қоғамдық тәртіпке бағыну — жауапты азаматтың белгілері.

Егер әр адам өз әрекетіне жауапкершілікпен қараса, қоғамда тәртіп пен тұрақтылық қалыптасады. Әсіресе, жас ұрпақтың заңға деген құрметін арттыру маңызды. Өйткені бүгінгі білімді әрі жауапты жастар — ертеңгі әділетті қоғамның тірегі.

 

М.ҚАЙЫРБОЛАТҚЫЗЫ

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT