Заңға құрмет – елге лайықты міндет

Сурет ғаламтордан

 

Конституцияны мемлекеттің бірлігін сақтайтын басты негіз деп санаймын. Себебі заң бар жерде тәртіп, тұрақтылық және әділдік болады. Әр азамат заңға бағынса, қоғамда өзара сыйластық пен сенім қалыптасады. 

Конституция барша адамның ұлтына, тіліне немесе әлеуметтік жағдайына қарамастан, заң алдында тең екенін бекітеді. Менің ойымша, Отанды сүю тек әдемі сөздермен емес, оның заңдарын құрметтеп, қоғам алдындағы міндеттерді орындаумен дәлелденеді. Сондықтан әрбір азамат Конституцияны құрметтеуі тиіс.

 

Ақмарал ИДЕЯТОЛЛАҚЫЗЫ,

тәрбиеші 

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT