Заң мен тәртіп – қоғамның тұрақтылығы мен қауіпсіздігінің негізі. Әрбір азамат заң талаптарын сақтап, өз құқықтары мен міндеттерін білуі қажет.
Менің ойымша, заңға құрметпен қарау отбасынан және мектептен басталады. Қоғамдық орындарда тәртіп сақтау, жол ережелерін бұзбау және басқа адамдардың құқығын құрметтеу – әр адамның міндеті.
Егер барлығымыз заңды сақтап, жауапкершілікті сезінсек, елімізде тыныштық пен әділдік нығая түседі. Заңды құрметтеу – өз болашағымызды құрметтеу.
Г.ҚҰСАЙЫНОВА



