Заңға құрмет – қоғамға құрмет

 

«Заң мен тәртіп» қағидаты – тұрақты әрі қауіпсіз қоғам құрудың негізгі тіректерінің бірі. Заң баршаға ортақ болған кезде ғана азаматтардың мемлекетке деген сенімі артып, қоғамда әділдік пен жауапкершілік қалыптасады.

Заңды сақтау тек құқық қорғау органдарының міндеті емес. Әр азамат өз құқығын біліп, өзгенің құқығын құрметтеп, белгіленген тәртіпті сақтауға жауапкершілікпен қарауы қажет. Қарапайым күнделікті әрекеттерден басталған заңға құрмет уақыт өте келе қоғамның ортақ мәдениетіне айналады.

«Заң мен тәртіп» – жазалау ұғымы ғана емес, ең алдымен әділдік, жауапкершілік және өзара құрмет қағидаты. Заң үстемдік құрған елде азаматтардың құқығы қорғалып, қоғамның тұрақты дамуына берік негіз қаланады.

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT