Заңға құрмет — қоғамға міндет

ашық дереккөзден

 

Заң мен тәртіп — тұрақты әрі қауіпсіз қоғамның негізгі тірегі. Әрбір азамат заң талаптарын сақтап, өз құқықтарымен қатар, өз міндеттерін де білуі қажет. 

Менің ойымша, заңға бағыну тек жазаға ұшырамау үшін емес, қоғам алдындағы жауапкершілікті сезінуден басталуы керек. Қоғамдық орындарда тәртіп сақтау, өзгенің құқығын құрметтеу және белгіленген ережелерді орындау — мәдениеттіліктің белгісі.

Егер әр адам өз ісіне жауапкершілікпен қараса, қоғамдағы көптеген келеңсіздіктердің алдын алуға болады. Сондықтан заңды құрметтеу — әр азаматтың саналы таңдауы әрі ел болашағына қосқан үлесі.

 

Д.БАТЫРБЕКҚЫЗЫ

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT