Заң мен тәртіп – қауіпсіз әрі тұрақты қоғамның негізгі тірегі. Әр азамат өз құқығын біліп қана қоймай, өз міндетін де түсінуі қажет. Заң талаптарын сақтау қорқыныштан емес, қоғамға деген жауапкершіліктен туындауы керек деп ойлаймын.
Тәртіп бар жерде адамдардың бір-біріне деген сенімі де артады. Қарапайым ережелерді сақтау, өзгенің құқығын құрметтеу, қоғамдық тәртіпке немқұрайлы қарамау – заңға деген құрметтің нақты көрінісі. Сондықтан «Заң мен тәртіп» қағидаты әр адамның күнделікті өмір салтына айналуы маңызды. Құқықтық сауатты және жауапты азаматтар көбейген сайын қоғам да қауіпсіз әрі әділетті бола түседі.
Б.АХМЕТОВА



