Заңға құрмет — өз құқығыңды танудан басталады

ашық дереккөзден

 

Менің ойымша, заң мен тәртіпті сақтау — тек белгіленген ережелерге бағыну емес, өз құқығың мен міндетіңді дұрыс түсіну. Әр азамат заңды білсе, өз құқығын қорғай алады және өзгенің еркіндігіне құрметпен қарайды. Қоғамда кейде адамдар тәртіпті тек жаза алудан қорыққандықтан сақтайды. 

Алайда шынайы құқықтық мәдениет адамның бақылаусыз кезде де дұрыс әрекет етуінен көрінеді. Мысалы, қоғамдық орында тәртіп сақтау, өзгенің мүлкіне зиян келтірмеу және заңсыз әрекеттерге жол бермеу — азаматтық жауапкершіліктің белгісі. Заң бәріне ортақ болғанда ғана қоғамда әділдік нығаяды. Сондықтан заңды құрметтеу әр адамның жеке ұстанымына айналуы керек.

 

С.ҚАЙЫР

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT