«Заң мен тәртіп» қағидаты қоғамдағы тұрақтылықты сақтаумен қатар, әр адамның құқығы мен бостандығын қорғауға бағытталған. Заңды құрметтеу дегеніміз тек жазадан қорқу емес, өз құқығыңды білу және өзгенің құқығына құрметпен қарау. Мысалы, қоғамдық орында тәртіп сақтау, жол ережесін бұзбау және басқа адамдардың ар-намысына нұқсан келтірмеу — заңға деген жауапкершіліктің көрінісі.
Егер әр азамат өз әрекетінің салдарын түсінсе, қоғамдағы көптеген келеңсіздіктің алдын алуға болады. Меніңше, құқықтық мәдениеті жоғары адам заңды мәжбүрліктен емес, саналы түрде орындайды. Сондықтан заңды білу және оны құрметтеу әр азаматтың өмірлік ұстанымына айналуы қажет.
Д.ТАБИҒАТ



