Заңға құрмет – өзіңе деген құрмет

сурет: ашық дереккөзден

 

Заң мен тәртіп – қауіпсіз әрі тұрақты қоғамның негізі. Менің ойымша, заңды сақтау тек жазадан қорқу емес, өз құқығыңды және басқа адамның құқығын құрметтеу деген сөз. Қоғамда әр адам өз міндетін түсініп, белгіленген тәртіпті сақтаған кезде ғана адамдар арасында сенім қалыптасады.

Бүгінде құқық бұзушылықтың алдын алуға ерекше көңіл бөлініп отыр. Қазақстанда профилактикаға, яғни құқық бұзушылық орын алғаннан кейін ғана әрекет ету емес, оның алдын алуға басымдық берілуде.

Меніңше, «Заң мен тәртіп» қағидаты әр адамның күнделікті әрекетінен басталады. Жол ережесін сақтау, қоғамдық орында тәртіпті бұзбау, өзгенің мүлкіне құрметпен қарау сияқты қарапайым әрекеттердің өзі қоғамға үлкен әсер етеді. Заңды сыйлаған елде әділдік те, тұрақтылық та берік болады.

 

Н.ДАРХАНҰЛЫ

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT