Заңға құрмет — өзіңе деген үлкен құрмет

сурет: ашық дереккөзден

 

Заң мен тәртіп — қоғамның тұрақтылығы мен қауіпсіздігінің негізгі тірегі. Заңды сақтау тек жазадан қорқу немесе жауапкершіліктен қашу емес, ең алдымен өзіңнің және айналаңдағы адамдардың құқықтарын құрметтеу деп түсінемін. Әр адамның құқығы мен міндеті қатар жүреді. Өз құқығымызды талап еткенде, өзгенің құқығына нұқсан келтірмеуіміз керек.

Менің ойымша, заңға құрмет отбасынан, мектептен және күнделікті қарапайым әрекеттерден қалыптасады. Жол ережесін сақтау, қоғамдық орында тәртіп бұзбау, бөтеннің мүлкіне қол сұқпау, үлкенді құрметтеу, кішіге қамқор болу — заң мен тәртіптің өмірдегі нақты көріністері. Егер әр азамат өз міндетіне жауапкершілікпен қараса, қоғамда сенім мен өзара сыйластық артады.

Заң бар жерде тәртіп, тәртіп бар жерде тұрақтылық болады. Сондықтан заң талаптарын сақтау — тек мемлекеттің талабы емес, әр азаматтың қоғам алдындағы жауапкершілігі. Заңды құрметтеу арқылы біз өзімізге де, өзгелерге де қауіпсіз әрі әділетті орта қалыптастырамыз.

 

Н.КЕНЖЕҒАЛИЕВА

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT