Заңға құрмет – өзіңе құрмет

сурет ғаламтордан

 

Заң мен тәртіп – қоғамдағы тұрақтылық пен қауіпсіздіктің негізгі тірегі. Әр азамат заң талаптарын сақтап, өз құқығы мен міндетін білуі қажет. Өйткені заңға құрмет тек құқық бұзушылықтан қорғану емес, айналадағы адамдардың құқығына жауапкершілікпен қарау дегенді білдіреді.

Менің ойымша, тәртіпті қоғамды тек қатаң бақылау арқылы қалыптастыру мүмкін емес. Ең маңыздысы – әр адамның санасында заңды сақтау қажеттілігі қалыптасуы. Көшеде, қоғамдық орында, жұмыста немесе күнделікті өмірде белгіленген тәртіпті ұстану – мәдениеттіліктің көрінісі.

Заңға бағынатын, өз міндетін білетін азаматтар көбейген сайын қоғам да қауіпсіз әрі тұрақты бола түседі. Сондықтан заң мен тәртіпті сақтау – баршаға ортақ міндет.

 

Е.ЗИНЕДЕНОВ

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT