Жаңа ата заңдағы отбасы мәртебесі

 

Ата Заң – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын айқындап, оларды заң жүзінде бекітетін негізгі құжат. Ол құқықтардың сақталуына кепілдік беріп қана қоймай, мемлекеттің бірлігі мен тұрақты дамуының негізін қалайды. Осындай маңызды құқықтық тұғыр – Конституция 15 наурызда өтетін республикалық референдумда халықтың таңдауымен қабылданбақ.

Қолданыстағы Конститу-цияның 27-бабында неке мен отбасы, әке мен ана және бала мемлекеттің қорғауында екені нақты көрсетілген. Сондай-ақ бала тәрбиелеу – ата-ананың әрі құқығы, әрі міндеті екені және кәмелетке толған, еңбекке жарамды балалардың еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға міндеттілігі айқындалған. Бұл норма ұрпақтар сабақтастығын сақтауға негізделген дәстүрлі құндылықтармен үндеседі.

Ал Жаңа Конституция жобасының 30-бабында неке ер мен әйелдің тең құқықты әрі ерікті одағы ретінде нақтыланған. Бұл тұжырым отбасы институтының құқықтық негізін айқындап, қоғамдағы рухани тұрақтылықты нығайтуға бағытталған. Отбасы – мемлекеттің іргетасы. Сондықтан жаңа Конституцияда отбасы институтына басымдық берілуі – ел болашағына деген жауапкершіліктің көрінісі.Себебі ұлттың сапасы  отбасының сапасынан басталады. Ал отбасы берік болса, мемлекет те мығым болады.

 

Нұрия ҚАЙДАР,
Аққыстау орта мектебі құқық негіздері пәнінің мұғалімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Референдум 2026

Референдум 2026