Жаңа бірпалаталы Парламент – Құрылтай: саяси жаңғырудың жаңа кезеңі

 

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында жаңа бірпалаталы Парламент – Құрылтай құрылуы қарастырылған. Жаңа орган кеңейтілген өкілеттіктерге ие болып, құрамында 145 депутат болады. Депутаттардың өкілеттік мерзімі – 5 жыл, ал сайлау кезінде пропорционалды жүйе қолданылады. Бұл жүйе саяси партиялардың кадрлық саясатын жетілдіруге, олардың институционалдық рөлін нығайтуға мүмкіндік береді.

Пропорционалды сайлау саяси плюрализмді қолдап, әртүрлі саяси күштердің өкілдігін арттырады және Парламенттің халық алдындағы есептілігін күшейтеді. Сонымен қатар бұл жүйе саяси жауапкершілікті қамтамасыз етіп, билік тармақтарының теңгерімін сақтауға ықпал етеді.

Жаңа Құрылтай қоғам мен билік арасындағы тұрақты диалог орнатуға, азаматтардың мүддесін қорғауға және шешім қабылдау үдерісінде ашықтық пен есептілікті қамтамасыз етуге бағытталған маңызды институт ретінде қарастырылады.

 

Сағыныш ҚАЙЫР,

Исатай аудандық "Нарын таңы" саяси-қоғамдық газетінің тілшісі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Референдум 2026

Референдум 2026