Қазақстан Республикасының жаңа Конституция жобасының негізгі жаңалықтарының бірі – адвокатура мен адвокаттық қызмет туралы арнайы бапты алғаш рет бекіту болып табылады. Бұл құқықтық қорғау жүйесін нығайтып, заңгерлік қызметтің мәртебесін көтереді.
Сонымен қатар зияткерлік меншік құқығын қорғау күшейтіліп, шығармашылық және инновациялық еңбектердің құқықтық қорғалуы қамтамасыз етіледі.
Сондай-ақ, «Миранда ережесі» Конституция деңгейінде бекітіліп, ұсталған адамның құқықтарын қорғау жүйесі толықтырылады.
Данабек БАПАНОВ,
Исатай аудандық Отбасын қолдау орталығының бұқаралық ақпарат құралдарымен және жұртшылықпен жұмыс жөніндегі маманы

