Жаңа Конституция – білім, инновация және адам құқықтарының кепілі

 

Жаңа Конституцияның басты басымдықтары – білім, ғылым, мәдениет және инновациялар салаларына бағытталған. Елдің тұрақты дамуы мен өркендеуі азаматтардың қабілеті мен біліміне тікелей байланысты, сондықтан мемлекет адам капиталын дамытуға ерекше көңіл бөледі. Білім мен ғылымға жасалған инвестициялар – еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізі болып табылады.

Сонымен қатар, цифрлық ортадағы құқықтарды қорғау күшейтіліп, жеке деректердің қауіпсіздігіне ерекше мән берілетін болады. Бұл шаралар азаматтардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, олардың жеке өміріне құрметпен қарауды заң жүзінде бекітеді.

Адам құқықтарын қорғау жаңа Конституцияның басты бағыты ретінде сақталады. Құқықтық қорғаудың берік тетіктері азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаумен қатар, қоғамдағы әділдік пен теңдіктің орнауына үлес қосады.

Осылайша, жаңа Конституция тек заңдық өзгеріс емес, ол білім мен инновацияны, адам капиталын және құқықтық қорғауды басымдыққа алатын заманауи мемлекет құрудың стратегиялық негізін қалыптастырады. Бұл құжат елдің болашағы үшін берік құқықтық арқау, азаматтардың мүмкіндіктерін кеңейтетін және қоғамдағы әділдікті қамтамасыз ететін маңызды құрал болып табылады.

 

Назым ИДРИСОВА,

Исатай аудандық аурухана директорының мейіргер ісі жөніндегі орынбасары

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT