Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы елдің болашағын айқындайтын маңызды құжат болып табылады. Жаңа редакцияда Кіріспе, 11 бөлім және 95 баптың ұсынылуы мемлекеттің құқықтық жүйесін жетілдіруге бағытталғанын көрсетеді. Әсіресе, адам құқықтары мен бостандықтарының мемлекет үшін басты басымдық ретінде жариялануы – демократиялық қоғам құрудағы маңызды қадам.
Сонымен қатар, бірлік пен ынтымақ, этносаралық және конфессияаралық келісімнің мемлекет тұрақтылығының негізі ретінде көрсетілуі Қазақстандағы бейбітшілік пен татулықтың маңызын айқындайды. Егемендік, тәуелсіздік, унитарлық құрылым және аумақтық тұтастықтың өзгермейтін құндылықтар ретінде белгіленуі де елдің тұрақты дамуына кепіл болады.
Жаңа Конституцияда әділеттілік, заң мен тәртіп, табиғатты қорғау сияқты қағидаттардың бекітілуі қоғамның дамуына және азаматтардың жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді. Сондықтан бұл, Қазақстанның құқықтық, әділетті және тұрақты мемлекет ретінде дамуына үлкен мүмкіндік береді деп ойлаймын.
Ерлан МАХСОТОВ,
Жанбай ауылдық округінің әкімі

