Жаңа Конституция – әділеттілік пен заманауи дамудың негізі

 

Жаңа Конституцияда әділеттілік, заң және тәртіп конституциялық деңгейде бекітілген негізгі қағидаттар ретінде айқындалды. Қоғамдық келісім, этносаралық және дінаралық татулық мемлекеттің берік негізі болып саналады, ал табиғатты қорғау – мемлекеттік міндеттің ресми құндылығы ретінде енгізілді.

Адам құқықтары мен бостандықтары Конституцияның басты өзегі ретінде қарастырылып, олардың қорғау кепілдіктері күшейтілді. Бұл үдерісте ұсталған адамның құқықтарын түсіндіру («Миранда қағидасы»), азаматтардың жағдайын нашарлататын заңдарға кері күш беруге тыйым салу және цифрлық ортадағы құқықтарды қорғау кепілдіктері қамтылған.

Елдің болашағы енді табиғи ресурстарға емес, білім, ғылым және инновацияларға негізделеді. Азаматтардың әлеуетін ашу мен таланттарын қолдау – мемлекеттің стратегиялық басымдығы, білім беру жүйесі зайырлы сипат сақтап, дін мен мемлекеттің ара-жігі нақты айқындалады. Сонымен қатар Конституция жасанды интеллект пен жаңа технологиялық өзгерістердің сын-қатерлеріне бейімделген цифрлық трансформацияны қолдайды.

 

Сағыныш ҚАЙЫР,

Исатай аудандық қоғамдық-саяси "Нарын таңы" газетінің тілшісі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT