Менің ойымша, Конституция – мемлекетіміздің басты құндылықтарын айқындайтын стратегиялық құжат.
Ол адам құқығы мен еркіндігін ең жоғары құндылық ретінде бекітіп, қоғамдағы әділдік пен заңдылықтың сақталуына негіз болады. Әрбір азаматтың білім алу, еңбек ету, денсаулық сақтау құқықтары осы Ата Заң арқылы қорғалады.
Сонымен бірге, Конституция елдің бірлігі мен тұтастығын нығайтады. Онда тәуелсіздік, аумақтық тұтастық және халық билігі сияқты маңызды қағидалар бекітілген. Сондықтан Конституция – еліміздің тұрақты дамуы мен өркендеуінің құқықтық кепілі.
Нұргүл ҚҰРМАШЕВА,
әлеуметтік мұғалім
Зинеден ауылы



