Жаңа Конституция - еліміздің ертеңі

 

Жаңа Конституцияда негізгі құндылықтар, адам құқықтары және болашаққа бағыт айқын белгіленген. Базалық принциптер ретінде әділеттілік, заң және тәртіп Конституция деңгейінде ресми бекітілген.

Қоғамдық келісім, этносаралық және дінаралық татулық мемлекеттің берік негізі ретінде қарастырылған. Сонымен қатар, экологиялық жауапкершілік – табиғатты қорғау мемлекеттік міндет ретінде белгіленді.

Адам құқықтары мен стандарттары абсолютті басымдыққа ие. Құқықтар мен бостандықтар Конституцияның негізгі өзегі болып табылады. Азаматтарды ұстау кезінде құқықтарды түсіндіру қағидасы («Миранда қағидасы») бекітілді. Сонымен қатар, азаматтардың жағдайын нашарлататын немесе оларға жаңа міндеттер жүктейтін заңдарға кері күш қолдануға жол берілмейді. Цифрлық ортадағы құқықтарды қорғау кепілдігі де енгізілді.

Болашаққа бағытталған басты басымдық – адам капиталы мен білім. Елдің дамуы табиғи ресурстарға емес, білім, ғылым және инновацияға сүйенеді.

 

Назым ИДРИСОВА,

Исатай аудандық емхана директорының мейірбике ісі жөніндегі орынбасары 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT