Жаңа конституцияның қабылдануы Қазақстанның халықаралық аренадағы беделін жаңа биікке көтереді. Менің ойымша, демократиялық институттарды нығайтуға бағытталған бұл қадам еліміздің өркениетті әлемдегі орнын айқындап, сенімді серіктес екенін дәлелдейді.
Менің көзқарасымша, заман талабына сай заңнамалық базасыз жаһандық бәсекеге төтеп беру мүмкін емес. Жаңа конституция еліміздің құқықтық жүйесін халықаралық стандарттарға жақындатып, жаңғыру үдерістеріне тың серпін береді.
Менің пайымдауымша, бұл реформаның жемісі – ашық, демократиялық және қуатты мемлекет болмақ. Жаңа конституция біздің дамудың жаңа дәуіріне қадам басқанымыздың басты айғағы болып қала береді.
Айгүл АДИЛОВА,
Зинеден ауылдық округінің әкімі



