Жаңа Конституция - қоғам тұрақтылығын көздейді

 

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қоғамның тұрақтылығы мен дамуына бағытталған маңызды қадам деп ойлаймын. Әсіресе дін мен мемлекеттің ара-жігін нақты ажырату – еліміздің зайырлы мемлекет ретінде дамуын қамтамасыз етеді. Бұл барлық азаматтардың діни сенім бостандығын сақтай отырып, мемлекеттік саясаттың бейтарап болуына көмектеседі.

Сонымен қатар білім беру мен тәрбиенің зайырлы сипатын бекіту – жастардың ғылымға, білімге негізделген көзқараспен қалыптасуына мүмкіндік береді. Ал неке ер мен әйелдің ерікті әрі тең құқықты одағы ретінде бекітілуі – дәстүрлі отбасылық құндылықтарды қорғауға бағытталған дұрыс шешім деп есептеймін.

Жалпы алғанда, Конституция қоғамдағы бірлік пен тұрақтылықты нығайтып, ұлттық құндылықтарды сақтауға ықпал етеді.

 

 

Ерлан МАХСОТОВ,

Жанбай ауылдық округінің әкімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT