Жаңа Конституция: Зайырлылық пен дәстүрлі құндылықтардың құқықтық кепілі

 

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасындағы негізгі жаңалықтар елдің болашағы үшін маңызды қадам болып табылады. Дін мен мемлекеттің ара-жігінің нақты ажыратылып бекітілуі – зайырлы мемлекет қағидаттарын нығайтады. Бұл барлық азаматтардың ар-ождан бостандығын сақтауға және қоғамдағы тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған.

Білім беру мен тәрбиенің зайырлы сипатының орнықтырылуы – өскелең ұрпақтың ғылымға, білімге және заманауи құндылықтарға негізделген ортада қалыптасуына мүмкіндік береді.

Ал неке туралы норманың ер мен әйелдің ерікті әрі тең құқықты одағы ретінде айқындалуы – дәстүрлі құндылықтарды жоғары құқықтық деңгейде қорғауға бағытталған маңызды шешім.

Бұл мемлекетіміздің құқықтық негіздерін күшейтіп, қоғамдық келісімді нығайтуға ықпал етеді.

 

Ерлан МАХСОТОВ,

Жанбай ауылдық округінің әкімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Референдум 2026

Референдум 2026