Ақордада өткен салтанатты жиында Мемлекет басшысының жаңа Конституцияға қол қоюы – ел тарихындағы айрықша кезеңдердің бірі. Бұл құжат – тек құқықтық нормалардың жиынтығы ғана емес, халықтың сенімі мен болашаққа деген үмітінің көрінісі.
Жаңа Конституцияның қабылдануы – қоғамның жаңару мен әділеттілікке ұмтылуының нақты нәтижесі. Референдум арқылы халық өз таңдауын жасап, мемлекет дамуының жаңа бағытын айқындады. Сондықтан бұл Ата заңды «Халық Конституциясы» деп атау – оның шынайы мәнін айқындай түседі.
Мемлекет басшысының Конституцияны іске асыру жөніндегі Жарлыққа қол қоюы – жаңа құжаттың тек қағаз жүзінде қалмай, нақты өмірде жүзеге асуына жол ашатын маңызды қадам. Өйткені кез келген заңның құндылығы – оның қоғам игілігіне қызмет етуінде.
1 шілдеден бастап күшіне енетін жаңа Конституция елдегі басқару жүйесін жетілдіріп, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды одан әрі нығайтады деп күтілуде. Ал 15 наурыздың Конституция күні ретінде белгіленуі – халықтың тарихи таңдауын құрметтеудің айқын белгісі.
Бұл күн – мемлекет пен қоғам арасындағы сенімнің, ел бірлігі мен жауапкершілігінің символына айналмақ. Жаңа Конституция Қазақстанның әділетті, ашық әрі тұрақты дамуына негіз болатын құжат ретінде тарихта өз орнын алары сөзсіз.
Мырзажан БАЛПАНОВ,
Исатай ауданының Құрметті азаматы,Жанбай ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы

