Жаңа Конституция жобасында орталық идея ретінде білім мен ғылым, мәдениет пен инновациялар айқындалды. Бұл бағыттар елдің стратегиялық дамуының негізін құрайды және қоғамның білімге, ғылымға және шығармашылыққа сүйенетін болашағын қамтамасыз етеді.
Маңызды мазмұндық бағыттардың бірі – цифрландыру. Алғаш рет азаматтардың цифрлық ортадағы құқықтарын қорғау нормасы Конституцияда бекітілді. Бұл құқықтық кепілдік жеке деректерді қорғауға, азаматтардың цифрлық кеңістіктегі еркіндігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Сонымен қатар жаңа Конституцияда адам капиталына ерекше мән берілген. Елдің тұрақты дамуы енді тек табиғи ресурстарға емес, азаматтардың білімі, қабілеті мен шығармашылығына байланысты екені көрсетілген.
Зияткерлік меншік қорғау да күшейтілді. Өнертабыстар мен авторлық құқықтарды қорғау арқылы инновациялық және ғылыми қызметті қолдау қарастырылған. Бұдан бөлек, мемлекеттік басқаруды тиімді ету және азаматтардың қатысуын арттыру бағытында нормалар енгізілген.
Айберген НАСИПКАЛИЕВ,
Исатай аудандық Ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлім басшысының бас маманы



