Жасөспірімдер қауіпсіздігі мен құқықтық жауапкершілігі – басты назарда

 

2026 жылғы 4 наурыз күні Аққыстау ауылында орналасқан Мектеп-гимназия мектебінің базасында 6-9 сынып оқушылары арасында «Жасөспірімдер және жауапкершілік» тақырыбында профилактикалық жиын өткізілді.

Іс-шараға Исатай ауданының полиция бөлімінің бастығының орынбасары полиция подполковнигі Б.Исаев, ҚҚб-нің УПИ-ы полиция капитаны Д.Тасқалиев, ҚҚб-нің УПИ полиция капитаны Н.Жумалиева  қатысты.

Жиын барысында:
 • білім беру ұйымдарындағы балалар қауіпсіздігі,
 • зорлық-зомбылықтың алдын алу,
 • есірткі құралдарын тарату фактілерінің алдын алу,
 • буллинг және кибербуллингтің алдын алу,
 • жол қозғалысы қауіпсіздігі,
 • жасөспірімдердің әкімшілік және қылмыстық жауапкершілігі мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

 

 

Оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар беріліп, құқықтық сауаттылықты арттыру бағытында профилактикалық жұмыстар ұйымдастырылды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT