«Таза Қазақстан» тұжырымдамасын жүзеге асыруда жастардың рөлі ерекше деп ойлаймын. Себебі бүгінгі жас ұрпақ – еліміздің болашағын қалыптастыратын негізгі күш. Жастардың табиғатқа жанашырлықпен қарауы, экологиялық іс-шараларға қатысуы және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған жаңа идеялар ұсынуы қоғамға жақсы әсер етеді.
Экологиялық тәрбие мектептен және отбасынан басталғаны маңызды. Оқушыларды ағаш отырғызу, аумақтарды көгалдандыру, қоқысты сұрыптау сияқты жұмыстарға тарту арқылы табиғатты қорғаудың маңызын тәжірибе жүзінде түсіндіруге болады. Сонымен қатар әлеуметтік желілер арқылы экологиялық мәдениетті насихаттау да жастардың белсенділігін арттырады. Меніңше, табиғатты қорғауды міндет емес, өз болашағымызға деген жауапкершілік ретінде қабылдауымыз қажет.
Тілекқали САТАНОВ



