«Таза Қазақстан» бастамасының болашағы жастардың экологиялық көзқарасына тікелей байланысты деп ойлаймын. Жастар табиғатты қорғауға, ағаш отырғызуға, сенбіліктерге және еріктілік шараларына белсенді қатысу арқылы қоғамға үлгі бола алады. Ең маңыздысы – экологиялық жауапкершілікті бір күндік акция емес, тұрақты өмір салты ретінде қабылдау.
Қазіргі жастардың бойында қалыптасқан жақсы әдеттер болашақ ұрпаққа да беріледі. Сондықтан мектептер мен жоғары оқу орындарында экологиялық білімді күшейтіп, жастардың өз бастамаларын жүзеге асыруына мүмкіндік берген дұрыс. Таза табиғат – жастарға қалатын ең үлкен мұралардың бірі.
Б.АСҚАРҰЛЫ


