Жауапты жас – құқықтық мәдениеттің тірегі

ашық дереккөзден

 

Жастар – елдің болашағы, қоғамның дамуына ықпал ететін маңызды күш. Сондықтан жас ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттыру және бойында жауапкершілік қалыптастыру ерекше маңызға ие. «Заң мен тәртіп» қағидаты жастарды өз құқықтарын білуге, міндеттерін орындауға және кез келген жағдайда заң аясында әрекет етуге шақырады. Құқықтық мәдениеті жоғары жас өз ісінің салдарын түсінеді, өзгелерге құрметпен қарайды және қоғамдық ортада тәртіп сақтауға ұмтылады.

Менің пікірімше, құқықтық тәрбие отбасынан басталып, мектеп пен қоғамда жалғасын табуы керек. Жастар заң талаптарын тек теория жүзінде біліп қоймай, оны күнделікті өмірде қолдана алуы маңызды. Мәселен, кибербуллингке жол бермеу, әлеуметтік желілерде жалған ақпарат таратпау, өзгенің жеке деректерін рұқсатсыз жарияламау – қазіргі заманғы құқықтық мәдениеттің маңызды белгілері. Әрбір жас өз әрекетіне жауап беруді үйренсе, қоғамдағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға үлес қосады. Заңды құрметтейтін ұрпақ – әділетті әрі қауіпсіз мемлекет құрудың сенімді негізі.

 

М.КЕНЖЕҒАЛИЕВА

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT