Жаз – жарқын мезгіл. Бұл балалардың демалып, уақыттарын қызықты әрі көңілді өткізетін кезең.
Мектеп жанындағы жазғы лагерьлерде ювеналды полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары балалармен кездесу өткізіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында балаларға жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері, жол қозғалысы талаптарын сақтау, интернет желісін қауіпсіз пайдалану, құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық орындардағы тәртіп мәселелері түсіндірілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – кәмелетке толмағандар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу.
Балалар полиция қызметкерлеріне өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, қажетті кеңестер алды.
Мөлдір Мағазова
Исатай Аудандық полиция бөлімі Қоғамдық Қауіпсіздік бөлімшесі ювеналды
полиция тобының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі аға учаскелік
полиция инспекторы полиция майоры



