Жеңіс жолы – ел абыройы

 

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан спортшыларының жоғары нәтиже көрсетуі – еліміз үшін үлкен мақтаныш. 100-ден астам мемлекеттің спортшыларымен бәсекеге түсіп, жалпыкомандалық есепте бірінші орынға шығу – ұлттық спорттың қарқынды дамып келе жатқанын көрсетеді.

Спортшыларымыздың 74 медаль, оның ішінде 32 алтын жүлде иеленуі – тынымсыз еңбектің, табандылықтың және ел намысын биік қоятын жігердің жемісі. Бұл жеңістер тек спортшылардың ғана емес, олардың бапкерлерінің, ата-аналарының және барша жанкүйерлердің ортақ қуанышы деп ойлаймын.

Президенттің жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттауы – ұлттық спортқа деген мемлекеттік қолдаудың айқын көрінісі. Мұндай құрмет жас ұрпаққа үлкен үлгі болып, оларды ұлттық спорт түрлерімен айналысуға ынталандыра түседі.

Көшпенділер ойындары – халқымыздың дәстүрі мен мәдениетін әлемге танытатын маңызды халықаралық дода. Сондықтан спортшыларымыздың әрбір жеңісі Қазақстанның көк байрағын әлемдік аренада асқақтатып, ұлттық рухымызды нығайта түседі. Бұл жетістіктер алдағы уақытта да ұлттық спорттың дамуына жаңа серпін береді деп сенемін.

 

Ерболат НАСИМУЛЛИН,

Исатай аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы 

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT