Жаңа Конституция жобасында әлеуметтік әділеттілік қағидатының басты орынға шығуы өте орынды деп есептеймін. Әсіресе, мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелерін күшейту халықтың ертеңгі күнге деген сенімін арттырады. Менің ойымша, бұл жоба тек қағаз бетінде қалмай, әрбір азаматтың тұрмыс сапасының жақсаруына тікелей әсер етуі тиіс.
Жер мәселесіне келетін болсақ, оның халықтық меншік ретінде бекітілуі — тарихи шешім. Менің көзқарасымша, жердің және табиғи ресурстардың игілігін қарапайым халық көруі керек деген талап әділетті қоғам құрудың алғышарты болып табылады. Бұл норма жерді заңсыз иемденушілерге тосқауыл қояды.
Тұтастай алғанда, бұл жоба мемлекет пен қоғам арасындағы жаңа сенім форматын қалыптастырады. Жеке пікірімше, әділеттілік орнаған жерде ғана тұрақты даму болады. Сондықтан бұл реформаны қолдау — ортақ парызымыз.
Айгүл АДИЛОВА,
Зинеден ауылдық округінің әкімі



