Менің ойымша, жаңа конституция қабылданғаннан кейін жерді пайдалану мәдениеті жаңа белеске көтеріледі. Жерге деген құрмет — елге деген құрмет екенін ұғынатын уақыт келді деп есептеймін.
Ата заңның бұл нұсқасы жерді аялау мен оны тиімді игерудің алғышарттарын жасап отыр. Табиғи ресурстардан түсетін табыстың әділ бөлінісі — қоғамның басты талабы еді. Жаңа конституция бұл талапты толық қанағаттандырып, мемлекеттік қорлардың тиімді жұмыс істеуіне негіз болады.
Ата заңдағы бұл мүмкіндік егемендіктің қайнар көзі ретіндегі халықтың үстемдігін халықаралық демократиялық стандарттарға сай айқындайды.
Мен бұл жобаны биліктің иесі ретіндегі халықтың дауысын еститін және оның еркіне сүйенетін әділ құжат деп есептеймін.
Айгүл АДИЛОВА,
Зинеден ауылдық округінің әкімі

