Менің ойымша, жол қауіпсіздігі – қоғамдағы ең маңызды мәселелердің бірі. Жолда жүргізушілермен қатар жаяу жүргіншілер де өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауы қажет. Жол қозғалысы ережелерін сақтау адам өмірі мен денсаулығын қорғаудың басты шарттарының бірі болып табылады.
Жолдағы көптеген келеңсіз жағдайлар жылдамдықты асыру, жол белгілерін елемеу, көлік жүргізу кезінде телефон пайдалану немесе жаяу жүргіншілерге жол бермеу сияқты тәртіп бұзушылықтардан туындайды. Сондықтан әрбір жүргізуші жол ережесін қатаң сақтап, басқа адамдардың өміріне қауіп төндірмеуі керек. Ал жаяу жүргіншілер белгіленген жерден өтіп, бағдаршам талаптарын орындауы тиіс.
Қорыта айтқанда, жолдағы қауіпсіздік тек полицияның немесе жүргізушілердің міндеті емес. Бұл – барлық жол қозғалысына қатысушылардың ортақ жауапкершілігі. Әр адам жол ережесін сақтап, өз өміріне және өзгелердің өміріне құрметпен қараса, жол-көлік оқиғаларының алдын алуға болады.
А.ӨМІРБЕКҚЫЗЫ


