Балалардың қауіпсіздігі туралы сөз болғанда, жолдағы қауіпсіздікке ерекше көңіл бөлу қажет. Балалар күн сайын мектепке, үйірмелерге немесе достарына бару үшін жолдан өтеді. Сондықтан жол ережесін білу және оны сақтау олардың өмірін қорғауда үлкен рөл атқарады.
Менің ойымша, балаға жол ережесін тек теория жүзінде түсіндіру жеткіліксіз. Ата-ана мен мұғалімдер баламен бірге жолдан өту тәртібін іс жүзінде көрсетіп, қауіпсіз бағыттарды үйретуі керек. Ал жүргізушілер мектептер мен тұрғын үйлер маңында жылдамдықты азайтып, жаяу жүргіншілерге ерекше назар аударуы тиіс.
Бала жолда абай болғанымен, қауіпсіздік тек оның жауапкершілігі емес. Жүргізуші де, ата-ана да, жаяу жүргінші де өз міндетін дұрыс орындағанда ғана қауіп азаяды. Сондықтан балалардың жолдағы қауіпсіздігі – барша азаматтың ортақ жауапкершілігі деп есептеймін.
Арайлым САНСЫЗБАЕВА


