Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында көтерілген мәселелер – еліміздің болашағы мен халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған маңызды бастамалар. Қызылорда қаласында өткен республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының кездесулері осы басым бағыттарды халыққа жеткізіп, ел дамуына қатысты өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік берді.
Әсіресе, экономиканы жаңғырту, шағын және орта бизнесті қолдау, энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығын дамыту және әлеуметтік саланы жетілдіру бағыттарының маңызы зор. Себебі тұрақты экономика мен сапалы әлеуметтік қолдау – халықтың тұрмыс сапасын жақсартудың негізгі кепілі.
Қызылорда өңірі үшін энергетика мен ауыл шаруашылығын дамыту мәселелері ерекше өзекті. Жаңа технологияларды енгізіп, өндіріс әлеуетін арттыру арқылы өңірдің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейтуге болады.
Осындай кездесулердің басты құндылығы – халық пен билік өкілдерінің ашық пікір алмасып, өзекті мәселелерге ортақ шешім іздеуі. Жолдауда белгіленген міндеттер жүйелі түрде жүзеге асса, еліміздің дамуына серпін беріп, жарқын болашаққа жол ашады деп сенемін.
Ерболат НАСИМУЛЛИН,
Исатай аудандық Ардагерлер кеңесінің



