Атырауда балалардың қауіпсіздігі бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілуде

 

Жазғы демалыс кезеңінде балалардың лагерьлерге, демалыс орындарына және түрлі іс-шараларға топпен баруы жиілейді. Осыған байланысты балаларды тасымалдау кезінде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау қажеттігі ескертіледі.

Балаларды тасымалдау техникалық тұрғыдан жарамды көлік құралдарымен жүзеге асырылып, жүргізушілер белгіленген талаптарға сай болуы тиіс. Әрбір сапар алдын ала жоспарланып, заңнама талаптарына сәйкес ұйымдастырылуы қажет.

Балалардың өмірі мен денсаулығы – басты құндылық. Осыған байланысты жол қозғалысына қатысушыларды қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға және балалардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырамыз.

#ЗАҢМЕНТӘРТІП

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT