Индер ауданында «Жаңа Конституция – әділ қоғамның негізі» атты тақырыпта өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтардың қатысуымен «дөңгелек үстел» ұйымдастырылды.
Шараның басты мақсаты – Конституцияға енгізілген өзгерістердің мәні мен маңызын кеңінен түсіндіру, сондай-ақ халықтың құқықтық мәдениетін арттырып, азаматтық жауапкершілігін қалыптастыру болды.
Кездесу барысында конституциялық реформалардың негізгі бағыттары, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, мемлекеттік басқару жүйесіндегі жаңашылдықтар жан-жақты талқыланды. Қатысушылар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, жаңа редакциядағы нормаларға қатысты нақты жауаптар алды.
Спикерлердің айтуынша, Конституциялық өзгерістер әділетті қоғам құруға, заң үстемдігін нығайтуға және мемлекет пен азамат арасындағы өзара жауапкершілікті күшейтуге бағытталған. Әсіресе, кәсіпкерлікпен және жеке еңбекпен айналысатын азаматтар үшін құқықтық кепілдіктер мен әлеуметтік қорғаныс тетіктерінің маңызы атап өтілді.
«Дөңгелек үстел» ашық пікір алмасу форматында өтіп, қатысушылар реформалардың ел дамуына қосар үлесі туралы өз ойларын білдірді. Ұйымдастырушылар мұндай түсіндіру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасатынын жеткізді.



