85 жастағы Чернобыль ардагері өз таңдауын жасады

Қамысқала ауылдық округіндегі №128 сайлау учаскесінде Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауы жалғасуда. Таңертеңнен бері ауыл тұрғындары учаскеге келіп, ел болашағына қатысты өз таңдауларын жасауда.

Сайлаушылар қатарында 85 жастағы Чернобыль апатының ардагері Алхам Губашев те бар. Ол ұзақ жылдар бойы совхозда құрылыс саласында еңбек етіп, елді мекеннің дамуына өз үлесін қосқан. Бүгінде ел ағасы ретінде ауылдастарының құрметіне бөленіп жүрген ардагер №128 сайлау учаскесіне келіп, Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысты.

 

– Сайлау – ел болашағы үшін маңызды саяси науқан. Әр азамат өзінің азаматтық құқығын пайдаланып, елдің ертеңіне бейжай қарамауы керек. Жасым 85-ке келсе де, ел өміріндегі маңызды науқаннан шет қалмай, өз таңдауымды жасауға келдім, – деді Алхам Губашев.

Айта кетейік, Қамысқала ауылдық округіндегі №128 сайлау учаскесінде 1351 дауыс беруші тіркелген.

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT